ҚАЗАҚСТАНДА ӘКЕЛІНГЕН ТЫРЫСҚАҚ АУРУЫНЫҢ ОШАҒЫ ЖОЙЫЛДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӘКЕЛІНГЕН ТЫРЫСҚАҚ АУРУЫНЫҢ ОШАҒЫ ЖОЙЫЛДЫ

Комитет Дели-Алматы бағыты бойынша Air Astana авиакомпаниясы рейсінің бортында тіркелген әкелінген тырысқақ жағдайы ошағының сәтті жойылғандығы туралы хабарлайды.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының жедел іс-қимылдары ел ішінде тырысқақтың таралуын болдырмай, инфекцияны уақтылы анықтауға және оқшаулауға мүмкіндік берді.

Байланыста болған адамдардың зертханалық зерттеулерінің нәтижелері - теріс, 154 адамнан медициналық бақылау алынып тасталды.

Сырқаттанған Қырғыз Республикасының азаматы емделуден сәтті өтіп, жақсы нәтижемен стационардан шығарылды. Қазіргі уақытта ол Бішкек қаласына кетті.

Халыққа, әсіресе Үндістан, Ауғанстан мен Пәкістан секілді елдерді қоса алғанда, тырысқақпен сырқаттанушылық жоғары Африка мен Азияның кейбір өңірлеріне сапар шегуді жоспарлап отырған адамдарға келесі ұсынымдар:

  • ⁠ ⁠Тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;
  • ⁠Сусындарды салқындату үшін мұзды пайдаланбау;
  • ⁠Тұтынар алдында өнімдерді тиісті термиялық өңдеуді жүргізу;
  • ⁠Жемістер мен көкөністерді тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суда жуу;
  • Қол гигиенасын сақтау, оларды әр тамақ алдында және дәретханаға барғаннан кейін сабынмен жуу;
  • Судың аузға кетуіне жол бермей, тек рұқсат етілген су айдындарында шомылу.
  • Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеуден аулақ болып, дереу медициналық көмекке жүгіну.

Департамент жағдайды бақылауды жалғастыруда және ел тұрғындарының денсаулығын сақтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

Біз азаматтарды саяхат кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырамыз.