Қауiптi жүктер – дегеніміз өздерiне тән қасиеттерiне байланысты адамдардың, жануарлардың өлiмiне, жарақаттануына немесе ауруға шалдығуына, жарылысқа, өртке, мүлiктердiң бұзылуына немесе жойылуына себеп болуы, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн жүктерді айтады. Бұл жүктер бекітілген санитарлық қағидалардың талаптарына сәйкес келуі керек.
Қауіпті жүктерді әуе көлігімен тасымалдау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы ҚР ДСМ № 5 бұйрығымен бекітілген «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен реттеледі.
Жүк әуе көлігі құралымен тасымалдауға келесі жағдайлар сақталған кезде:
1) жүк қолданыстағы техникалық регламенттерге сәйкес келетін ақаусыз ыдыста немесе қаптамада болғанда;
2) техникалық регламентте белгіленбеген ыдыстардың және қаптамалардың авиациялық тасымалдау кезінде оларды сенімді бекіту және сақтау мүмкіндігінің болуы;
3) қаптаманың жүктің құрамына сәйкес болуы және оны сыртқы факторлардың әсерінен сенімді қорғайтын болса;
4) әуе көлігімен тасымалдауға жататын сұйық және өзге де жүктер қапталатын (толтырылатын) металл, шыны, керамикалық, ағаш, пластмасса ыдыстар ұшу биіктігіне және температураға байланысты ішкі артық қысымға шыдамды болуы, ағып кетуден, төгілуден және шашылудан сақталған болса;
5) қаптама жиынтығына қажетті мәліметтері бар таңбалау қойылса, сондай-ақ ықтимал қауіп түрлері бейнеленген қауіптілік белгілері қойылса, тасымалдауға қабылданады.
Шикі жүк су өткізбейтін контейнерде тасымалданады.
Шикі жүкті тасымалдау кезінде әуе кемесінің едені мен қабырғасында су жинағыштар жабдықталады.
Қауіпті жүктерді тасымалдау ыдыста, сыйымдылықтарда, әмбебап немесе арнайы контейнерлерде жүзеге асырылады.
Ыдыстардың, сыйымдылықтардың және контейнерлердің конструкциясы герметикалық, жүктің жоғалуын, азаюын болдырмауды қамтамасыз ететіндей болып жасалады, қауіптілік белгілері болады. Ыдыстар, сыйымдылық мен контейнерлер тазартуға және дезинфекциялауға жататын материалдардан дайындалады.
Контейнерлер тасымалдау кезінде туындайтын түрлі жүктемелерге төзімді болады.
Жүкті тиеу, түсіру кезінде ыдыстың (сыйымдылықтың, контейнерлердің) бүтіндігінің бұзылуына жол берілмейді.
Қауіпсіздік мақсатында тасымалданатын қауіпті жүктер туралы, жүк жөнелтушіге немесе өңдеуге жіберілетін қауіпті жүктерден босатылып кері қайтарылатын ыдыстардың жағдайы туралы ақпарат жүк көлігінің жүкқұжатына жазылады.
Әуе кемесінің экипажы және қауіпті жүктермен жұмыс істейтін адамдар қорғаныш, индикация, зарарсыздандыру құралдарымен (тасымалданатын жүктің түріне байланысты) қамтамасыз етіледі. Қорғаныш құралдарынсыз жұмыс істеуге жол берілмейді.
Барлық жүк тасушы әуе кемелерінде желдету және ауа алмасу көзделеді.
Жүк бөлігіндегі үй-жайлардың ішінде кемінде 30 Паскаль тұрақты артық қысымды қамтамасыз ететін мәжбүрлі желдету жүйесі көзделеді, жүк бөлігінде ауа температурасының +18 ºС-тан төмен болмауы қамтамасыз етіледі.
Осы уақытқа дейін әуе көлігі барлық көлік түрлерінің ішіндегі ең қауіпсізі болды және болып қала береді. Қауіпті жүктерді әуе кемесінде тасымалдау барлық шарттар мен нұсқаулар орындалған жағдайда ғана осы мәртебені сақтайды.