
Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшы С.Ф.Айтбаев және бөлім басшысы З. М. Сансызбаева "Қорқыт Ата" әуежай басшылығымен және түрік компаниясының өкілдерімен жаңа терминалды пайдалануға беруге дайындық бойынша жұмыс кеңесіне қатысты.
Кеңес барысында санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері, қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдай, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 08.02 2024 ж. «Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы» № 2 қаулысы талқыланды.