ЖРВИ

ЖРВИ

Жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) деп тыныс алу жолдарының ауруларын тудыратын вирустар тобын атайды. Тұмау – оның бір түрі ғана.

 «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК филиалының деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы бойынша ЖРВИ және тұмаумен ауыратын 19.760 науқас тіркелген, оның ішінде 11.463 (58%) 14 жасқа дейінгі балалар арасында.

Инфекцияның жалғыз көзі және таратушысы – науқас адам. Дені сау адам науқастан сөйлесу, жөтелу, түшкіру арқылы жұқтырылуы мүмкін. Сонымен қатар, инфекция жеке гигиена сақталмаған кезде, яғни дені сау адам сүлгі, орамал, ыдыс-аяқ және т.б. сияқты науқастың жеке гигиеналық заттарын пайдаланғанда болуы мүмкін. Тұмау вирустары қол алысу, есік тұтқаларымен жанасу және т. б. оңай берілетінін есте ұстаған жөн.

Көп жағдайда ауру кенеттен басталады: дене қызуы 38-40 градусқа дейін жетеді, бас ауруы, бас айналу, қалтырау, көз және бұлшықет ауыруы пайда болады.

ЖРВИ, тұмаудың алдын алудың екі әдісі бар: спецификалық және спецификалық емес.

Алдын алудың спецификалық шарасына вакцинация жатады. Вакцинацияланғандардың шамамен 70-80%-ы ұжым ішінде иммунитетті қалыптастыратыны дәлелденді. Вакцинация тиімді, себебі ол ауруды бірнеше есе азайтады және ауру кезінде аурудың ағымы мен белгілерін жеңілдетеді, асқынулардың алдын алады. Вакцинациядан ЖРВИ, тұмаудың эпидемиологиялық маусымы басталғанға дейін қазан-қараша айларында өткен жақсырақ, өйткені бұл екі апта ішінде иммунитеттің дамуына ықпал етеді. Эпидемиялық маусымда вакцинация да тиімді, алайда иммунитетті дамытпас бұрын ЖРВИ, тұмаудан басқа, спецификалық емес әдістермен қорғану керек. Ол үшін:

- дене шынықтыру, дұрыс тамақтану, уақтылы және сапалы демалу арқылы иммунитетті арттыру;

- қолды сабынмен үнемі мұқият жуы;

- қолды мұрынға, көзге және ауызға тигізбеу;

- түшкіру және жөтелу кезінде ауыз бен мұрынды орамалмен жабу;

- медициналық маска кию;

- жеке гигиенаны сақтау;

- мүмкіндігінше тұмауға ұқсас белгілері бар адамдардан шамамен 1 метр қашықтықта болу;

- үй-жайларды үнемі желдетіп тұру, ылғалды тазалау;

- ағзаның суып кетуі мен қызып кетуінен аулақ болу;

- эпидемиологиялық маусымда мүмкіндігінше адам көп жиналатын жерлерге баруды шектеу қажет.

Ауру болған жағдайда дәрігермен кеңесіп, оның ұсынымдарын орындау керек.