Әуе көлігі – ең жылдам көлік түрі. Оның негізгі мамандануы – алыс қашықтықтарға жолаушыларды жеткізу.
Әуе кемелерінің үй-жайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 11 қаңтардағы № ҚР ДСМ-5 бұйрығымен бекітілген «Жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында айқындалады.
Әуе кемесінің үй-жайларындағы микроклиматтың оңтайлы және рұқсат етілген параметрлері аталған снитариялық қағидаларға 13-қосымшада көрсетілген параметрлерге сәйкес келеді. Жұмыс аймағының биіктігі бойынша температураның 3ºС-тан аспайтындай, ал көлденеңі бойынша 4ºС-тан аспайтындай ауытқуына жол беріледі.
Әуе кемесінің үй-жайларындағы микроклиматтың параметрлері экипаж кабинасы мен жолаушылар салонында 20,0-25ºС болған жағдайда рұқсат етіледі. Жұмыс аймағының биіктігі бойынша температураның 3ºС-тан аспайтындай, ал көлденеңі бойынша 4ºС-тан аспайтындай ауытқуына жол беріледі.
Әуе кемелері кабиналары жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттардың рұқсат етілген шекті шоғырлануы (РЕШШ) санитариялық қағидаларда көрсетілген мәндерден аспайды. Кабиналардың ауасында бір бағытта әсер ететін бірнеше зиянды заттардың бір мезгілде болуы кезінде олардың әрқайсының ауадағы нақты шоғырлануының, олардың РЕШШ-сіне қатынасының жиынтығы бір бірліктен аспауы тиіс. Ауаның құрамында әр бағытта әсер ететін зиянды заттардың бір мезгілде болуы кезінде РЕШШ оқшауланған әсер кезіндегідей болып қалады.
Жеңіл теріс және оң аэроиондар құрамының әуе кемелерінің өндірістік және қоғамдық үй-жайлары ауасын иондаудың рұқсат етілген деңгейінен полярлық көрсеткіші рұқсат етілген 0,20- +0,05 жоғары болуына жол берілмейді.
Әуе кемелері ұшу құрамының жұмыс орындарындағы дыбыстық қысым деңгейінің, дыбыс деңгейінің және дыбыстың балама деңгейінің 80 дБа асып түсуіне жол берілмейді.
Әуе кемелерінің ұшу құрамының жұмыс орындарындағы ультрадыбыстық және инфрадыбыстық қысымының 110 дБ асып түсуіне жол берілмейді.
Экипаж мүшелерінің жұмыс орындарында жиіліктердің үштен бір октавалық жолақтарындағы жалпы діріл 136 дБА деңгейінен асып түсуіне жол берілмейді.
Герметикалық кабинасы бар барлық әуе кемелерінде ұшу биіктігіне қарамастан барометриялық қысым мөлшерінің кемінде сынап бағанасының (2400 м) 567 мм болуына жол беріледі.
Радиобайланыс жабдықтарынан электр өрістерінің энергетикалық жүктемелері мен кернеулігі деңгейлерінің артуына жол берілмейді және 80 МГц-тен аспауға тиіс.
Магниттiк өрiс кернеулiгiнiң рұқсат етiлген шекті деңгейi және магниттi құрайтын энергетикалық жүктеме бір метрге 50 А және сағатқа көбейтілген бір шаршы метрге 200 вольтке тең белгiленедi.
Егер электр және магнит құрауыштар бойынша рұқсат етілген шектіге нақты энергетикалық жүктеменің қатынас жиынтығы бірден аспаса, 3,0 МГц дейінгі жиілікте электр және магнит өрістерінің бір мезгілде әсер етуіне жол беріледі.
300,0 МГц - 300,0 ГГц өте жоғары жиілік диапазонында электромагниттік энергияның әсері энергия ағынының тығыздық деңгейі және әсердің белгілі бір уақыты ішінде энергетикалық жүктемесі бойынша бағаланады. Кабинадағы энергияның ӨЖЖ ағынының тығыздық деңгейi бір шаршы сантиметрге 500 микроваттан аспауы тиіс.
Сәулеленудің ӨЖЖ деңгейі сәулеленудің жекелеген кезеңдерiнде организмге энергетикалық жүктеме жиынтығымен бағаланады және 1000 мк Вт сағ/см2 аспауы тиіс.
6000 м-ден артық биіктікте ұшуды орындайтын экипаж кабинасында, сондай-ақ кабинада ӨЖЖ ЭАТ рентген сәулесінің көздері болғанда рұқсат етілген шекті жүктеме тармағында көрсетілген жағдайда 1000 мкВт/см2 аспауы тиіс.
Ұшу уақытында кабиналардағы электростатикалық өріс кернеулігі мынадай шамалардан аспауы тиіс: ұшу уақыты 1 сағаттан кем болса – бір метрге 60 киловатт; 1,1 сағаттан 12 сағатқа дейін – 60 кВ/м-ді ұшу уақытына бөлу есебінен. 20 кВ/м-ден кем электростатикалық өріс кернеулігі кезінде келу уақыты регламенттелмейді.
Экипаж мүшелерінің жұмыс орындарындағы жарықтандыру параметрлері 300ЛК сәйкес қамтамасыз етіледі.