Пневмония – көбінесе инфекция себебінен, әсіресе бактериялардан болатын өкпенің қабынуы. Ауру өздігінен пайда болуы мүмкін, бірақ көбінесе басқа аурулардың асқынуының нәтижесінен пайда болады.
Пневмония жеңіл де, ауыр да болуы мүмкін. Ең алдымен, ауру иммундық жүйесі әлсіреген балалар мен қарт адамдарға қауіп төндіреді. Уақтылы ауруханаға жатқызылмаған және емделмеген жағдайда ауру өліммен аяқталуы да мүмкін.
Пневмонияның белгілері инфекцияны тудыратын микробтың түріне, науқастың жасына және жалпы денсаулық жағдайына байланысты әртүрлі болады. Пневмония көбінесе ЖРВИ, тұмау, бронхиттің асқынуы болғандықтан, бұрыннан бар аурудың белгілерінен пневмонияның дамып, басталуы байқалмайды. Алайда пневмонияға ЖРВИ немесе басқа аурулардың 5-6 күндерінде ортақ симптомдардың айқын түрінде қайталануы тән, соның ішінде дене температурасының жоғарылауы, қалтырау және қызу, жөтел және терең тыныс алу кезінде кеудедегі ауырсыну, ентігу, жөтел.
Пневмонияның алдын алу үшін келесі қағидаларды ұстанған жөн: