«Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» (ӘІБТ) ақпараттық жүйесіне жаңа функционалдарды енгізу бойынша семинар өтті

«Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» (ӘІБТ) ақпараттық жүйесіне жаңа функционалдарды енгізу бойынша семинар өтті

2024 жылғы 8 қаңтарда Астана қ. «Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесіне жаңа функционалдарды енгізу мәселелері бойынша оқыту семинары өтті.

Семинар Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкіл Денис Валерьевич Панченконың төрағалығымен өткізіліп, Департамент бөлімдері және аумақтық басқармаларының басшылары мен мамандарын жинады.

Семинарда Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің көліктегі департаментінің азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы Б.Амангелді және азаматтық және әкімшілік салалардағы құқықтық статистиканы қалыптастыру бөлімінің аға прокуроры А.К.Саметаева ӘІБТ жаңа функционалдарды енгізу туралы ақпарат ұсынды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауды қоса алғанда, әкімшілік іс жүргізу қозғалған кезде жаңа функционалдарды енгізу мәселелері талқыланды. Сараптама тағайындау, прокурордың наразылығы мен шағымдарын қарау нәтижелері бойынша шығарылатын іс жүргізу құжаттарын электрондық қарау кезінде ӘІБТ-ге мәліметтерді енгізу тәртібі түсіндірілді.

Құқық бұзушының аудио-бейне түсіндірмелері, QR-кодты, ЭЦҚ-кілтті пайдалана отырып іс жүргізу құжаттарына қол қою, сондай-ақ құқық бұзушыға қашықтан қол қоюға жолдау сияқты жаңа функцияларға ерекше назар аударылды.

Семинар аясында сондай-ақ сот істері, жария сектор мәртебесі, тексерулер журналы арқылы электрондық хаттама жасау және «кеңсе» функционалын енгізу процесі мәселелері қаралды. Семинар барысында ұсынылған барлық ақпарат ӘІБТ «Көмек» бөлімінде танысу үшін қолжетімді.

ӘІБТ ға жаңа функционалдарды енгізу көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың жұмысын едәуір жақсартады, әкімшілік өндірістермен байланысты процестердің ашықтығы, тиімділігі мен дәлдігін арттырады.