20 қарашада Жаңа-Арқа бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы қауіпті жүкті темір жол көлігімен тасымалдау кезінде күшті әсер ететін заттың (күкірт қышқылы) төгілуі кезінде төтенше жағдайды жою жөніндегі оқу-жаттығуға сәтті қатысты.
Оқу-жаттығуды Жезқазған станциясында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Жезқазған өңірі бойынша филиалы Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, құлақтандыру схемасына сәйкес басқа қызметтердің қатысуымен ұйымдастырды.
Іс-шараға қатысушылар теориялық білімді нақты жағдайларда қолдануға мүмкіндік алды, бұл олардың біліктілігін және төтенше жағдайларда кәсіби әрекет етуге дайындығын арттырды. Жаттығу барысында маман әртүрлі қызметтер арасындағы іс-қимылдарды үйлестіру, қорғаныс құралдары мен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау құралдарын тиімді пайдалану сияқты аспектілерге ерекше назар аударды.
Күкірт қышқылының төгілуі мен ағуын жою жұмыстары авариялық карточкаға сәйкес жүргізілді. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Химиялық ластануды уақтылы анықтау және халықты қорғау жөнінде шұғыл шаралар қабылдау мақсатында басқарма маманы Ұлытау облысының Ұлттық сараптама орталығының мамандарымен бірлесіп, атмосфералық ауаны өлшей отырып, химиялық барлау жүргізді.
Оқу-жаттығу шеңберінде барлық іс-шаралар Көліктегі департаментінің 2012 жылғы 10 қазандағы № 03-10-158Н бұйрығымен бекітілген «Көлікте төтенше жағдайлар туындаған кезде мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызметпен шаралар кешенін ұйымдастыру және жүргізу (ЖЖМ, улы химикаттар, агрессивті химиялық заттар төгілгенде, қауіпті жүктермен вагондар жолдан шығып кеткенде, әуе кемесінде авиациялық уақиғада (қирауда, апатта)» әдістемелік нұсқаулықтарға қатаң сәйкес жүзеге асырылды.
Өткізілген оқу-жаттығу шеңберінде барлық қатысқан қызметтердің іс-қимыл тактикасы пысықталды. Төтенше жағдай жойылды.