Ақтөбе бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қызметшілер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтарға төзбеушілік туралы жолдауын іске асыру мақсатында және Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті Төрағасының тапсырмасына сәйкес Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі Комитетінің «№9 мекеме» РММ-де болып қайтты.
Басқарма мамандарын №9 мекеменің режимдік бөлімінің бастығы, әділет капитаны М.Д. Дусекеев мекеменің ішкі тәртібімен таныстырып, түсіндіру жүргізді.
Өткізілген іс-шараның мақсаты – Басқарма мамандары арасында сыбайлас жемқорлық пен өзге де көріністердің алдын алу және оларға жол бермеу.