Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтарға төзбеушілік құру туралы жолдауын іске асыру мақсатында, мемлекеттік қызметкерлер (лауазымды тұлғалар) арасында сыбайлас жемқорлық пен басқада көріністердің алдын алу және де оларға жол бермеу мақсатында Тараз қаласы, Жамбыл даңғылында орналасқан № 13 тергеу изоляторына Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының және мамандарының баруы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қылмыстық жазасын өтеушілердің тұрмыс-тіршілігі туралы жалпылама түсініктеме берді.