
Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары арасында «Электрондық құжат айналым жүйесі» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, өткізілді.
Аталған семинарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары түсіндірілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар таратылуы шектелген электрондық құжаттармен жұмыс істеу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 965 және «Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 қаулыларымен айқындалғанын айтып өтті.
Сондай-ақ, құжаттама жасау тәртібі және құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптары тиісті экран суреттерінің мысалдары көрсетіле отырып, түсіндірілді.
Басқарманың бұлтты құжат айналымы базасы арқылы 2023 жылдың 9 айы бойынша 960 кіріс, 1852 шығыс құжаттары және негізгі қызмет бойынша 303 бұйрықтар тіркелгендігі назарға жеткізілді.