Департамент басшысы Ж. Уразалина Астана медицина университеті ұйымдастырған дөңгелек үстел жұмысына қатысты

Департамент басшысы Ж. Уразалина Астана медицина университеті ұйымдастырған дөңгелек үстел жұмысына қатысты

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ж. Уразалина Астана медицина университеті ұйымдастырған дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Дөңгелек үстел 31 қазанда өтті және қоғамдық денсаулық пен санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында кадрлар даярлаудың өзекті аспектілерін талқылауға арналды.

Іс-шараға қатысқандар: Астана қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы С. Бейсенова, ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы Жұқпалы емес аурулардың алдын алу департаментінің басшысы Е. Токбергенов, Астана қаласы бойынша Ұлттық сараптама орталығы филиалының директоры Т. Тунгушпаев, «Қазақстанның санитариялық-эпидемиологиялық аудиторларының республикалық қауымдастығы» ЖК және ЗТБ Басқарма Төрағасы Қ. Шайсұлтанов, «Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік институты» ЖШС директоры Д. Ыскак, ҚР ДСМ бас штаттан тыс кәсіби патологы (Қарағанды медицина университеті) А. Аманбекова, «Institute of Integrative Medicine and Wellness» директоры Д. Абзалиева.

Іс-шарада талқыланған негізгі тақырыптар:

  • Қоғамдық денсаулық сақтау және менеджмент мектебі ұсынатын білім беру бағдарламаларының нәтижелерін бағалау және оқыту құзыреттерін анықтау.
  • Жұмыс берушілердің осы саладағы мамандарды даярлауға қанағаттануын бағалау.
  • Элективті пәндерді оқу жоспарларына енгізу бойынша ұсыныстар.
  • Дуальды оқыту және өндірістік базаларды пайдалану тиімділігі мәселелерін қарастыру.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларының сапасы мен мазмұнын арттыру, сондай-ақ бейіндік және элективті пәндерді күшейту бойынша ұсынымдар қамтылған қарар қабылданды. Оқытудың тиімді әдісі ретінде дуальды оқытуды қолдануды кеңейтуге ерекше назар аударылды.