Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының алдын алу

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының алдын алу

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) – тыныс жолдарының  бөлігі,  өкпе паренхимасының зақымдалуы жəне эмфизема қалыптасуымен жүретін созылмалы қабынбалы ауру.  Өкпенің созылмалы обструктивті ауруының  адам организміне келтіретін зияны – қайтымсыз болады.

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы – эмфизема және созылмалы бронхит болып екі түрге бөлінеді. Эмфизема дегеніміз – өкпенің ауа қалташалары (альвеолары) бұзылысқа ұшырайтын ауру түрі. Созылмалы  бронхит – бронхылардың яғни, тыныс алу жолдарының қабынуы, ол ұзақ уақыт қақырықты жөтелмен, тыныс алудың қиындауымен, ентігумен және шаршаумен сипатталады.

ӨСОА-ның ең қауіпті факторлары темекі тарту, адамның жұмыс жасайтын ортадағы жұмыс орындарындағы шаң-тозаңдар, химикаттар, органикалық отындардың жануынан бөлмелердегі ауаның ластануы, қоршаған ауаның ластануы, бала кезіндегі ауырған тыныс алу жолдарының инфекциялары, генетикалық бейімділіктер осының бәрі қауіп-қатерлі факторлар болып саналады.  ӨСОА-ның басты симптомдары -  қақырықпен немесе қақырықсыз  созылмалы жөтел, жиі бронхитпен ауруы, тыныс алудың қиындауы, ентігу, әлсіздік-шаршау, жиі респираторлық аурулар. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруын   спирометрия – өкпенің сыйымдылығын өлшейтін арнайы құрал, рентгені немесе компьютерлік томографиясы арқылы сырқатты анықтауға болады.

Аурудың алдын алу шаралары:

  • темекі тартуды тез арада қоюы қажет;
  • үйдегі басқа семья мүшелері де темекі шекпегені дұрыс;
  • бөлмелерге күнделікті тазалау жұмысын жүргізу және желдетілуі қажет;
  • калориясы көбірек тағамды тұтынуы қажет (рационда балық, тауықтан, ет, жеміс, көкөніс);
  • дене жаттығуларын жасау, таза ауда жүріп серуендеу.

Темекі шегу секілді зиянды әдеттен арылса аурудың дамуына жол берілмейді және қазіргі кезде дәріханаларда темекі шегуді қоюға көмектесетін медициналық дәрі-дәрмектер бар. Егер адам  кенеттен демалуы қиындай түскенін байқаса, тұншығу немесе ентігу пайда болып жатса дереу шұғыл  түрде жедел жәрдем шақырып, дәрігерге көрінуіңіз қажет.