Вирусты гепатитті сары ауру деп атайды. Вирустық гепатит – негізінен бауырдың зақымдалуы болып табылады.
Гепатит түрлері 2 топқа бөлінеді: энтеральды (ауыз қуысы арқылы) – А, Е гепатит түрлері және парентеральды (қан арқылы) жұғу – В; Д; С. Олардың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, белгілері де әртүрлі. Гепатиттің айқын әрі көпшілікке таныс белгілерінің бірі – сарғаю. Бірақ кей жағдайда аурудың ешқандай белгісі байқалмауы да мүмкін. А және Е гепатиттерінің берілу механизмі фекальды-оралды. Сырқаттанушылық сапасыз сумен, тағамдардың ластануымен, санитарлық жағдайдың нашарлығы, гигиена ережелерінің сақталмауымен тығыз байланысты.
Инфекцияның екінші жолы –жұқтырған адамның қанымен байланысты. Вирусты «В», «С», «D» гепатиттері инфекциясымен жұқтырылған қан немесе стерильденбеген инструмент қолданғанда және жыныстық қатынас арқылы жұғады. Инфекцияның таралуы мен ауыр зардаптарына байланысты ең үлкен қауіп В және С гепатиті вирустары болып табылады.
Белгілері:
- бауыр көлемінің ұлғаюы;
- іштің ауырлығы немесе жайсыздық (бауыр орналасқан оң жақта);
- оң жақ қабырға астының сыздап ауыруы, майлы тағамның жақпауы және т.б.;
- әлсіреу және шаршау;
- тәбеттің болмауы, жүрек айнуы;
- кіші дәреттің күңгірттенуі;
- үлкен дәрет түсінің өзгеруі (ашық бола бастайды);
- терінің және көз ағының сарғыштануы (сары ауру).
Вирустық гепатиттің алдын алу шаралары: А және В гепатитіне қарсы вакцинациядан өту; сапалы суды пайдалану, жемістер мен көкөністерді жуу, өнімдерді термиялық өңдеу; жеке ұстараларды, тіс щеткаларын, тырнаққа арналған қайшыларды пайдалану; пирсингтер мен татуировкалардан бас тарту.
Вирустық гепатит - емдеп жазғаннан бұрын, алдын алуы оңайға соғатын өте кең таралған қауіпті жұқпалы ауру.
Сондықтан, осы белгілер байқалған адам, бірден дәрігерге барып қаралуы керек.