Ащы су (алкоголь) адам өмірін қысқартады

Ащы су (алкоголь) адам өмірін қысқартады

Алкоголь ішімдік - бұл әртүрлі ашыған ерітінділерден алынған наркотиктік әсері бар, этил спирті. Ол шараптың, сыраның негізгі масайтатын элементін құрайды.

Алкогольді  сусындардың (арақ, коньяк, шарап, виски, сыра және т.б.) құрамында этил спирті немесе этанол бар. Алькоголь дегеніміз өте күшті у болып табылады, неге десеңіз, ол 70 проценттік спирт медицинада микробтарды өлтіру үшін (залалсыздандыру үшін) қолданылады. Арақтың 95 проценті адамның ағзасында тотығып, көмір қышқыл газы мен суға айналады, тек 5 проценті тотықпаған күйінде сыртқа шығарылады. 1 сағатта алкогольдің 7-9 грамы ғана тотығады, бұл, 50 грамм арақтың ағзада 2-3 сағат бойы тотығады, яғни осы уақыт бойы адамның ми, бауыр, бүйрек, жыныс бездеріне әсер етіп, зиян шектіреді.

Арақ алдымен адамның көңіл-күйін көтереді, мидың жұмыс істеу қабілетін төмендетеді, агрессия тудырады. Алкоголь  қан арқылы адамның барлық дене мүшелеріне тарайды. Адам ішімдік ішсе, спирттің әсерін бірден сезеді. 10-15 минуттан кейін-ақ алкоголь асқазаннан қан айналымы жүйесіне түседі және бүкіл ағзада айнала бастайды. Егер алкогольді ішімдіктерді көп мөлшерде және жиі тұтынса, адам өзінің денсаулығына залал келтіріп және жақындары мен достарына көптеген келеңсіздіктер туғызады.

Жұмыстан, үйден, жанұясынан, достарынан, өмірінен тіпті өмірдегі бар қымбат дүниеден айырылуы мүмкін. Шектен тыс қолдану, артериялық қысымды көтереді және жүрек бұлшық еттерінің әлсіреуіне алып келеді. Әйел ағзасына күшті, әрі ұзақ әсер етіп, бауыр қызметін бұзады. Бала туу қызметіне де қиын өзгерістер әкелуі мүмкін. Дені сау ұрпақты дүниеге әкелу мүмкіндігінен айырылып, балалардың кемістікпен тууына әкеледі. Жыныстық жолмен берілетін ауруларды адамдардың көбі мас күйінде жұқтырады. Ішетін адам тез қартаяды, өз жасынан үлкен көрінеді және өмірі 15-20 жасқа қысқарады.

Айналасындағы адамдар ішімдік ішсе, адам өзімен өзі жүрсе, қатарларына еліктесе, таныстармен ішімдік ішсе, кино, теледидардан көп нәрселер көруі, жігерсіз болса, тәуелділік, жауапсыздық, қиындықтардан қорықса, стресске түссе, осының бәрі алкоголь ішуге себеп болады.

Сондықтан бұл алкоголь сусындардың орнына  қымыз, шұбат ішсе адам ағзасына келер пайдасы мол болады. Қымыз- ауруға ем, сауға қуат, дертке шипа, денеге күш  береді. Жалпы қымыздың емдемейтін дерті жоқ, қан қысымынан бастап, жүрек-талма ауруларын емдеуге таптырмайтын шипа.

Бие сүті құрт ауруына, жүйке ауруларына бірден -бір ем, өйткені оның құрамында В дәруменімен бірге В2, В12 дәрумендері бар.

Шұбат – қазақ халқының ежелден келе жатқан коректік, емдік қасиеттері бар дәстүрлі сусындарының бірі. Адам ағзасында жеңіл қорытылады. Асқазан жолының бездерінен сөл шығаратын қасиеті бар. Қарын сөлінің қорытқыш қасиетін күшейтіп қана қоймай, ішектің қызметін де жақсартады. Ғылыми жүзінде алсақ, шұбат - авитоминоз, қант диабеті (шұбатта көп мөлшерде инсулин болады),  өкпе туберкулезі, қан аздық, гастрит, колит, ағзаны әлсірететін өзге де көптеген аурулардың алдын алады. Оның үстіне шұбатта  ағзадағы зат алмасуға қажет фосфор, қальций, магний тұздары, А, В1, В2, С, және Д витаминдері үш есе көп. Қазіргі кезде қымыз бен шұбатпен өкпе ауруларын емдейтіні, қан айналу жүйесіндегі қан тамырларының жұмсақтағы мен беріктігін қамтамасыз ететініні, қандағы қызыл қан түйіршіктерімен (эритроцит) гемоглобин синтезіне әсер ететіні, ағзада жүретін зат алмасу процестерін жақсартып, жалпы иммунитетті күшейтетіні анықталған.

Ішімдік ішу, болашақта жастарға, дүниеге келетін ұрпаққа зиянын тигізеді.  Сондықтан болашағымыздың, келер ұрпағымыздың, орнымызды басып, ісімізді жалғастыратын азаматтардың - жігіттер мен қыздардың денсаулығы, болашақ өмірі біздің, сіздің қолдарыңызда, парасаттылықтарыңызда екенін естен шығармайық, келесі ұрпаққа саламатты өмір салтын, жақсы тәрбие ұсынайық ағайын. Балаңыздың денсаулығы, тәрбиесі, жарқын болашағы Ата-Ана Сізден, отбасынан басталады. Саламатты өмір сүру әрбір адамның ұстанымы болып, қоғам болып атсалысайық!