Жаңаарқа бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А.Куатова Басқарманың Facebook әлеуметтік желесінде «Салауттаы тамақтану» атты тақырыппен тікелей эфирге шықты.
Тікелей эфирдің басты мақасаты: халықтың сауаттылығын арттыру.
Тікелей эфир барысында салауатты тамақтану ұстанымдары және дұрыс тамақтану неліктен маңызды туралы айтылды.
Салауатты тамақтану ұстанымдары: Адамның көңіл-күйі, денсаулығы, жұмысқа қабілеттілігі, ұзақ ғұмыр кешуі оның тамақтануына тікелей байланысты екені бұрыннан белгілі.
Дұрыс тамақтану неліктен маңызды?
Себебі ол:
- Созылмалы аурулардың болу қаупін азайтады және алдын алады;
- Денсаулығыңыз бен бет-әлпетіңіздің әсемдігін сақтайды;
- Жас және сымбатты тұрпатыңызды сақтауға көмектеседі;
- Рухыңызды биік, дене қимылыңызды белсенді етеді.
Күнделікті тағам үлесін таңдағанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұсынған «Тамақтану пирамидасын» негізге алыңыз.
- «Пирамиданың», демек, тағам үлесінің негізін де энергия көзі болып табылатын дәнді-дақылдар құрайды. Олар ақуыздарға, майлар мен көмірсуларға, микроэлементтерге, дәрумендер мен тағамдық талшықтарға бай түрлі жармалар, кебекті нан, мюсли, қатты сұрыпты бидайдан жасалған макарон өнімдері және тамыр жемістілер.
- «Пирамиданың» екінші қатарын түрлі жемістер мен көкөністер құрайды. Оларға күнделікті қажеттілік 500-600 грамды құрайды.
- Үшінші қатарда – сүт және сүт өнімдері, ет пен балық. Бұл өнімдер күнделікті тағам үлесінде болуы тиіс.
- Атеросклероздың, миокард инфаркті мен инсульдтің алдын алу үшін жануар майын тұтынуды шектеңіз. Майлы етті балыққа, құс етіне немесе майсыз етке алмастырыңыз. Сүт және сүт өнімдерінің майлылығы төмен түрлерін таңдаңыз.
- Өсімдік майы мен жаңғақтарда көп мөлшерде болатын қанықпаған май қышқылдарын міндетті түрде күнделікті тағам үлесіне енгізіңіз.
- Қантты, тәттілерді, кондитерлік өнімдерді тұтынуды азайтыңыз. Оларды шамадан артық тұтыну семіздікке, қант диабетіне душар етеді.
- Нан, консервіленген және басқа азық-түліктер құрамындағы тұзды есепке ала отырып, күніне бір шай қасық тұздан артық қолданбаңыз. Ас пісіргенде йодталған тұзды қолдану қажет.
Буға бөктірілген, суда немесе тандыр ішінде пісірілген тағам өнімдерін таңдаңыз.