Безгек белгілері және алдын алу шаралары

Безгек белгілері және алдын алу шаралары

 

Безгек (Малерия) – адам өміріне қауіп төндіретін ауру, ол ауру жұқтырған маса шаққаннан жұғады. Маса адамның қанына паразиттерді тасымалдайды. Безгек ауруы тропикалық климаты бар елдерде жиі кездеседі. Олар: Вьетнам, Колумбия, Үндістан, Шри-Ланка, Бразилия, Кения, Нигерия, Африканың жекелеген бөліктері.

Ресми ақпараттарға сүйенсек, Алматы қаласында жыл сайын безгек ауруының сыттан әкелінген бірлі –жарым жағдайлары тіркеледі. 2017-2022жылдар аралығында безгек ауруының 3 сырттан әкелінген жағдайы тіркеліп, 3 жағдайда шет елден әкелінген (Африка елдерінен, Нигерия, Кения). Оның ішінде 2 жағдай Қазақстан Республикасының азаматтары арасында, ал 1 жағдай шетел азаматтары арасында тіркелген.

Безгек ауруы негізінен безгек жұқтырған маса (аналық масаның) шаққанда беріледі. Алайда инфекцияның жұғуының анағұрлым сирек келетін бірнеше жолдары бар:

-. инфекцияны жұқтырған анадан балаға;

- инфекцияны жұқтырған адамның қанын құю кезінде;

-жұқтырған адамға қолданылған шприцпен қайталап инъекция жіберу кезінде.

Аурудың алғашқы белгілері жұқтырылғаннан кейін 1 аптадан 4 аптаға дейін әр түрлі уақыт аралығында қызу көтерілу, шамадан тыс терлеу, әлсіздік, бас ауруы пайда болады. Сонымен қатар, аурудың басқа белгілеріне мыналар жатады: буындардың ауыруы, бауырдың, көкбауырдың ұлғаюы, диарея, дене температурасының жоғарылауы, жүрек айнуы мен құсу, анемия, қатты әлсіздік, жүрек жұмысындағы проблемалар.

 Егер алғашқы белгілер байқалса, осы белгілер тіпті  шамалы көрінсе де, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

Алдын алу шаралары:

Безгектің алдын алатын вакцина жоқ, алайда оның алдын алуға болады. Егер сіз безгек жиі кездесетін жерге барсаңыз немесе сіз осындай аймақта тұрсаңыз дәрігермен ұзақ мерзімді алдын-алу шаралары туралы кеңес алғанңыз абзал. Масаның торында ұйықтау, денеңізге жабық киім киіп немесе DEET бар қатпарлы спрейді қолдану инфекцияның алдын алуға көмектеседі.