
Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы және басқарма мамандарымен бірге "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен бірлесіп, Жетісу облысы Уштобе, Достық, Ақтогай теміржол вокзалдарында орналасқан қоғамдық тамақтандыру және тамақ өнімдері саудасының кәсіпкерлік субъектілерімен/объектілерімен онлайн-семинар өткізді.
Аталған семинарлар кәсіпкерлік субъектілерімен байланысты топтық тамақтан уланудың алдын алу және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген шағын кәсіпкерлік объектілерін тексеруге мораторийді ескере отырып өткізілді.
Басқарма басшысы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің өзекті талаптарын, соның ішінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің кейбір өзгерістерін және қоғамдық тамақтандыру және тамақ өнімдерін сату кәсіпкерлігімен байланысты қызметке рұқсат құжаттарын алу қажеттілігі мәселелерін түсіндірді.
Басқарма мамандары өз кезегінде жаппай тамақтан уланудың, ішек инфекцияларының және сальмонеллездің алдын алу сияқты мәселелерді қамтыды. Сонымен қатар, медициналық тексеру, өндірістік бақылау, қоғамдық тамақтану және сауда объектілерінде санитариялық нормалардың талаптарын сақтау бойынша кейбір мәселелер түсіндірілді.