
Қызылорда қаласының санитариялық - карантиндік бақылау бөлімінің маманы Қызылорда қаласының «Қорқыт Ата» халықаралық әуежайында «Темекінің зияны» тақырыбында семинар өткізді.
Қатысушылардың назарына темекі шегудің зияны және оның ағзаға тигізетін зардаптары туралы ақпарат жеткізілді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын темекі тұтынудың салдарынан 8 миллионнан астам адам, оның ішінде 1,2 миллион адам пассивті темекі тұтынудың салдарынан қайтыс болады.
Темекі түтіні жүректің ишемиялық ауруы мен өкпенің қатерлі ісігін қамтитын жүрек-қан тамырлары және тыныс алу ауруларын тудыруы мүмкін, демікпе, пневмония және өкпенің созылмалы обструктивті ауруы қаупі бар.
Семинар барысында осы жаман әдеттен қалай дұрыс және ауыртпалықсыз бас тартуға болатыны туралы кеңестер берілді.