Қан айналымы жүйесінің аурулары онкологиялық аурулар және қант диабетімен қатар, бүгінгі күннің ең таралған және қауіпті аурулары арасында біріншілікті берік ұстап тұр.
Қан айналымы жүйесінің ауруларына (бұдан әрі – ҚЖА) мыналар жатады: жүректің ишемиялық ауруы (миокард инфарктісі немесе стенокардияның қайта-қайта ұстауы); инсульт (ми қан айналымының бұзылуы, салдарынан бас миының жасушалары өледі); атеросклероз (қан тамырларының қабырғаларындағы қанның түрі өзгертілген жасушаларынан, холестериннен және дәнекер тін элементтерінен тұратын түйіншектер); артериялық гипертензия (жоғары қан қысымы); терең көктамыр тромбозы және өкпе эмболиясы (көктамырларда жүрек пен өкпеге қарай орын жылжытып, қозғала алатын ұйысқан қанның пайда болуы).
Жалпы медицинаның дамуына қарамастан, ҚЖА-мен сырқаттанушылықты тұрақты тіркеудің сақталу фактісі реніш тудырады, ол көбінесе ауыр зардаптарға (өлім-жітім, мүгедектік, ауыр асқынулар) әкеп соғады.
Әлбетте, денсаулықты сақтаудағы басты рөлге сырқаттың алдын алу және ерте анықтау ие. Алдын алудың ең қолайлы және ең төмен қымбат жолы – бұл медицина емес, салауатты өмір салты екендігін есте сақтаған маңызды! Сонымен қатар, тұрғындардың өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігі және анықталған сырқаттарды уақытылы емдеу туралы айтқымыз келеді.
ҚЖА туындау қаупін едәуір және тиімді төмендететін, алдын алудың келесідей шаралары есебінен едәуір дәрежеде болдырмауға болады:
1) Пайдалы тағам. Ол қан тамырларының зақымдануын және қанда «нашар» холестерин деңгейінің жоғарылауын тудыратын, зат алмасу бұзылуларының себептерін жояды.
2) Өз бетінше ҚЖА және көптеген басқа аурулардың пайда болуына тәуекел факторы болып табылатын артық салмақты төмендету. Іш тұсындағы артық май жиынтықтары ерекше қауіп тудырады (абдоминалды семіру). Артық салмақ бауырдағы холестерин синтезін арттырады: әрбір артық салмақпен ағзада синтезделген холестериннің деңгейі 20 мг-ға артады. Қандағы аса жоғары холестерин атеросклероз қаупін тудырады.
3) Темекі тарту және ішімдіктен толықтай бас тарту.
4) Барабар дене белсенділігі. Ол жалпы денсаулықтың нығаюына, жүрек-қантамыр жүйесін жақсы тонуста ұстап тұруға және дене салмағын бақылауға септігін тигізеді.
Денсаулығыңыздың өз қолыңызда екендігін әрдайым есіңізде сақтаңыз!