
Ағымдағы жылдың 06 сәуірде Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы "Жолаушылар тасымалы" АҚ "Оңтүстік" Жолаушылар тасымалы бойынша өңірлік филиалының жолсеріктерімен «Бөртпе сүзегі» тақырыбы бойынша семинар өткізді.
Бөртпе сүзегі – ауру адамнан сау адамға бит арқылы берілетін бактериялар тудыратын жұқпалы аурулар тобы. Ол белгілі бір бөртпемен, қызбамен, жүйке және жүрек-тамыр жүйесінің зақымдалуымен сипатталады.
Инфекциялар адам ағзасына терінің ұсақ зақымдануы арқылы енеді. Содан кейін 5-15 минуттан кейін бөртпе сүзек бактериялары қанға енеді.
Инфекциядан ағзаға енген сәттен бастап, алғашқы белгілер пайда болғанға дейін 6-25 күн өтеді, орташа есеппен - 11-14 (симптомдар болмаған кезде). Бастапқы кезең - бөртпе пайда болғанға 4-5 күн дейін. Қызу кезеңі - бөртпе пайда болған сәттен бастап 5-тен 8-10 күнге дейінгі дене температурасы қалыпқа түскенше созылады.