ЖҮРЕКТІҢ ИШЕМИЯЛЫҚ АУРУЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ

ЖҮРЕКТІҢ  ИШЕМИЯЛЫҚ  АУРУЫНЫҢ   АЛДЫН АЛУ

ХХ-ғасырдың екінші жартысынан бастап халық денсаулығына төнген қауіптердің бірі - жүрек-қан тамыры жүйесі ауруларының көбейе ,әрі «жасара» түсуі. Бұл сырқаттар бүгінгі ересектер арасындағы науқастанудың, мүгедектіктің және өлім- жітімнің негізгі себепшісі болып отыр.

Дегенмен, жүрек-тамыр ауруларының алдын алуға болады. Алдын-алудың жаппай шараларын қолдану нәтижесінде АҚШ, Австрия, Жапония, Канада сияқты елдерде бұл аурудан болатын өлім-жітім кеміген. Мұндай жұмыстардың жетістігі тек дәрігерлерге ғана емес, сонымен бірге халықтың өзіне де, яғни олардың салауатты өмір салтын ұстана біліуіне де байланысты.

Жүректің ишемиялық ауруының даму себебі туралы мәселе күні бүгінге дейін нақты шешілмесе де, медицина ғылымы халық арасында бұл дерттен туындайтын ауыртпалықтар туралы көптеген мағлұматтар жинақтаған.

Жүректің ишемиялық ауруының негізі болып табылатын атеросклероз адамның балалық шағынан-ақ дами бастап, ұзақ уақыт бойы симптомсыз жүретіні белгілі болды .Атеросклероз және жүректің коронарлық қан тамырлары қызметтерінің жетімсіздігі салдарынан жүрек ишемиясы мен миокард инфаркті дейтін аурулар пайда болады. Жүрек ағзадағы жалғыз (сыңары жоқ)органдар қатарына жатады. Тәулігіне ол 8460 литр қан айдайтын күрделі насос десе де болады. Ишемиялық аурудың алғашқы белгілерінің бірі - жүректің ұстамалы түрде (грудная жаба, стенокардия ) қысылуы. Жүрек –қан тамырлары - ауруларының ішіндегі ең күрделісі және ең қауіптісі миокард инфарктісі болып табылады.

Ишемия деген сөз латын тілінен алынған, ол ағзалардың қанмен және оттегімен қамтамасыз етілуінің бұзылуы, яғни тұншығуы деген сөз. Организмдегі қан айналыс жүйесінің ішінде жүрек өмір бойы тынбастан жұмыс істейтін орган. 

Ересек адам ағзасындағы қанның мөлшері шамамен 5-6 литрдей, бұл дене салмағының он үштен бір бөлігі, қан тамырлары арқылы түрлі шапшаңдықпен, әртүрлі қысымымен ағады. Дені сау адамның жүрегі минутына 60-/80 рет, жас балалардыкі 110-120 рет жиырылады. Бір минут ішінде қан жүрек арқылы 2 рет өтеді .

Жүректің ишемиялық ауруларына:

1)  Жүрек стенокардиясы және оның түрлері

2) Жүрек қан тамырларының жедел жетімсіздігі

3) Қан тамырлары қызметінің созылмалы жетімсіздігі

4) Миокард инфарктісі

5) Рефлекторлы стенокардия аурулары жатады

Бұл ауруға шалдыққанда негізінен жүрек тұсы қатты шаншып ауыратындықтан сырқат адам дәрігерге келуге мәжбүр болады. Кейбір адамдар жүректің ишемиялық ауруы кезіндегі алғашқы ұстамадан – ақ, тіпті дәрігердің жәрдеміне үлгерместен, кенеттен өліп кетеді. Стенокардия кезінде ауру көбінесе кеуденің сол жағына, жүректің тұсына беріледі, кейде ауру жұтқыншаққа, асқазан тұсында пайда болады. Аурудың алғашқы белгілері: ауру тіпті әдеттегіден әрі кеткен кезде (қан жүретін артериялары 75 % және одан да көпке тартылғанда) білінеді. Жүректің стенокардия ауруы екі түрлі болады,

1) Күш түсу стенокардиясы.

2) Тыныштық стенокардиясы.

Миокард инфаркті - бұл жүрек ишемиясы ауруының үшінші түрі, бұл диагноз оның клиникасына электрокардиограммалық өзгерістерге және қан құрамындағы ферменттердің белсенділігіне қарап қойылады.

Жүрек ишемиясы ауруын тудыратын факторларды біліп ,одан сақ болған жөн. Шылым шегу-өте зиянды әдет. Шылым шегуді тоқтату миокард инфарктісіне ұшырау қаупін 20-50%-ға кемітеді. Шылым шегу, денедегі май алмасу процесінің бұзылуы, артериялық қан қысымының жоғарылауы,қант диабеті және т.б. жайттер жүректің ишемиялық ауруының дамуына әсер ететін негізгі факторлар болып саналады. Адамның шектен тыс семіруі, аз қозғалуы, эмоциялық стрестер де қосымша үлес қосады. Кейде бір мезгілде қауіпті факторлардың бірнешеуі қосылса жүректің ишемиялық ауруының туындау қаупі жоғарылай түседі .

Салмақтың - артуы ағзада ең алдымен май алмасу процесінің бұзылуы ,денеде майдың жиналып қалуы деген сөз .Семіздік ауруы кезінде жүрек біріншіден,ағзадағы барлық клеткаларға қанды толық жеткізу үшін нормадан тыс жұмыс істейді .Соның салдарынан бұлшық еттеріне артық күш түседі де ол ісінеді ,сөйтіп жүрек гипертрофиясы пайда болады .

Дене салмағын азайту және гиперлипидемияны болдырмау үшін қажетті ем-дом шараларын ұстану науқастар арасыдағы өлім-жітімді азайтуға (25%), ЫҚПАЛ ЕТЕДІ.

Ем-домдық шаралары ойдағыдай болу үшін мыналарды жүзеге асыру керек:

а) қаныққан майларды қолдануды азайту

ә) өсімдік майын көбірек қолдану қажет .

б) өсімдік клеткаларын қабылдауды жас көкөністер мен жеміс-жидектер есебінен күніне 50гр-ға дейін арттырған жөн .

Жүректің ишемиялық ауруының қауіпті факторлары бар адамдар аурудың алдын-алу жөніндегі дәрігерлік кеңестерді орындап ,жыл сайын денсаулығын түзету үшін емханаға барып, тексеріліп отырғаны абзал. Қорыта айтқанда, денсаулыққа зияны көп аталған факторлардан сақтану әрбір адамның өз қолында.

«Жаны саудың - тәні сау» ДЕГЕН ҚАҒИДАНЫ ЕСТЕН ШЫҒАРМАЙЫҚ .