«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтауға және нығайтуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі норма бекітілген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, жүктелген функциялар мен міндеттерді табысты орындау үшін қажетті сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы білу дәрежесін анықтау мақсатында ағымдағы жылдың 24 наурызында Көліктегі санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі және құқықтық жұмыс бөлімі мемлекеттік қызметшілерді көрсетілген Заң негіздерін білу бойынша тестілеуді ұйымдастырып сәтті өткізді.
Қызметкерлерді тестілеу онлайн-сауалнама түрінде жүргізілді Google формалар Google form онлайн платформасы арқылы жүргізіліп, бірден жауап статисткалары талданды.
Тестілеуге Департаменттің құрылымдық бөлімшелері мен бөлімшелік басқармаларының 161 қызметкері қатысты.
Тестілеу нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, мүдделер қағидаттары мен қақтығысы туралы, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты шектеулер мен тыйымдар туралы заңнаманың негізгі ұғымдарын білудің жеткілікті деңгейін көрсетті.