Жастар арасындағы темекіге қатысты ғаламдық сауалнаманың нәтижелері көрсеткендей, әлемнің көптеген елдерінде жасөспірімдер арасында түтінсіз темекіні пайдаланудың таралуы темекіге қарағанда жоғары. Жасөспірімдер мен жастар арасында түтінсіз темекі және темекісіз өнімдерді (қоспаларды) пайдалану кеңінен таралған.
Ең танымалдары - құрамында 20-дан 250 мг-ға дейін никотин бар (салыстыру үшін, бір темекіде 1,5 мг никотин бар) «СНЮС» (шайнайтын және соратын қоспалар) деп аталады. Никотиннің көп болуына байланысты оларды тұтыну нейротоксикалық бұзылуларды тудырады, бұл сананың бұзылуына, болашақта физикалық және мінез-құлықтың өзгеруіне әкеледі.
«Снюс» қолданған кезде қызыл иек пен еріннің арасына қойылады, ннәтижесінде ауыз қуысының шырышты қабығымен, қызыл иектің қабынуымен және кейінгі онкологиялық аурулармен мәселелер тудыруы мүмкін.
Қазіргі уақытта Қазақстанда темекі өнімдері бойынша белгілі бір шектеу шаралары енгізілді - бұл Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2019 жылғы 12 желтоқсандағы № 7-ПГВР «снюс» «темекі емес темекі және темекісіз бұйымдарды әкелуге, өндіруге, өткізуге және таратуға тыйым салу туралы» қаулысы.