Психикалық денсаулық - адамның әл-ауқатының негізі

Психикалық денсаулық - адамның әл-ауқатының негізі

Атырау  бөлімшелік көліктегі санитариялық - эпидемиологиялық бақылау  басқармасы бас маманы «Транстелеком» АҚ-ның Атырау филиалы  қызметкерлері арасында «Психикалық денсаулық» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарда қатысушыларға адамның психикалық саулығының  бұзылу әрекеттерінен   күйзеліс пен стрестік жағдайға түсуі жөнінде және оның алдын алу үшін кеңестер айтылды.

Психикалық аурулардың  мазасызданулардың, стресстердің таралу көрсеткіштерінің өсу тенденциясы әр түрлі отбасылық келіспеушіліктердің,  әлеуметтік  тұрмыстық жағдайлардың,  тәуелділіктердің (нашақорлық, ішімділік, токсикомания, ойын құмарлық және т.б.) орын алуы салдарынан  суицидтік жағдайлар болып жатады.

Психикалық денсаулық – адамның өз қабілеттерін жүзеге асыратын, өмірдің қалыпты күйзелістеріне төтеп бере алатын, өнімді еңбек ететін және өз қоғамына үлес қоса алатын әл-ауқат жағдайы. Бұл оң мағынада психикалық денсаулық адамның әл-ауқаты мен қауымдастықтардың тиімді жұмыс істеуінің негізі болып табылады.

Психикалық денсаулықты нығайту психикалық денсаулықты қолдайтын ортаны құруды қамтиды.

Семинар соңында психикалық денсаулықты сақтаудың негізгі ережелері талқыланды.