Негізгі мақсат - жұмыс істейтіндердің денсаулық жағдайын динамикалық бақылау

Негізгі мақсат - жұмыс істейтіндердің денсаулық жағдайын динамикалық бақылау

Павлодар бөлімшелік көліктегі санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы Павлодар облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің базасында ұйымдастырылған медициналық ұйымдарымен міндетті медициналық тексерулер жүргізу мәселелері бойынша семинар-кеңеске қатысып, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерді медициналық тексеруден өткізу тәртібі туралы баяндама жасады.

Семинар - кеңес барысында қатысушылар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 15 қазандағы №ҚР ДСМ-131/2020 Бұйрығының негізгі талаптарымен танысты.

Медициналық тексерулерді жүргізудің толықтығы мен сапасы, міндетті мерзімді медициналық тексерулерге жататын қызметкерлердің тізімін жасау, ұсынымдарды орындау нәтижелерімен жүргізілген медициналық тексерудің нәтижелері бойынша қорытынды актілерді ұсыну, қызметкерлерді сауықтыру және еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және т. б. мәселелер қамтылды.

Мерзімдік медициналық тексерулерді жүргізудің негізгі мақсаты жұмыс істейтіндердің денсаулық жағдайын динамикалық бақылауды қамтамасыз ету, аурулардың бастапқы белгілерін уақтылы анықтау, жалпы, кәсіптік аурулардың алдын алу және инфекциялық және паразиттік ауруларды таралуын болдырмау болып табылады.

Кеңес қорытындысы бойынша міндетті мерзімді медициналық тексерулер жүргізудің проблемалық мәселелері және оларды шешу жолдары айтылды.