
Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бас маманы « ҚТЖ» АҚ» Атырау сигнализация және байланыс дистанциясы жұмысшылары мен қызметкерлер арасында «Скринингтік тексеру» тақырыбында семинар өткізді.
Бұл семинарды өткізудің мақсаты халыққа скринингтік тексерулер арқылы әртүрлі аурулардың ерте сатысында дамуын сондай-ақ олардың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларын анықтау және олардың алдын алу мақсатында клиникалық симптомдары мен шағымдары жоқ халықты медициналық тексеру кешені екендігі жөнінде түсіндіру.
Скрининг – бұл белгілі бір жастағы сау адамдарды алдын ала медициналық тексеруден өткізу, қауіп факторлары мен ауруларын ерте сатысында анықтау, сонымен қатар емдеу тиімділігін арттыру пен аурудың асқынуының алдын алу үшін профилактикалық медициналық тексеру.
Қазақтан Республикасында өзіңіз тіркелген медициналық ұйымда скринингтен өту тегін.
Скринингтік тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтары, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары, көлемі мен кезеңділігі туралы «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ 174/2020 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 5 шiлдедегi № ҚР ДСМ- 65 бұйрығында көрсетілген.
Скринингтік тексерулерді меншік нысанына қарамастан амбулаториялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары (емханалар) жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық поездарды жүргізеді.
Скрининг жүргізудің басты мақсаты – қоғамдық денсаулықты сақтау.
Скринингтен өту әрбір азаматтың міндеті болып табылады.
Жұмыс беруші тарап қызметкерлерінің скринингтен өтуі үшін барлық жағдайды жасауға, олардың тексерілуден асықпай өтуі үшін жұмыстан босатуға міндетті.
Бұл туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 87 бабының 4 тармағында айқындалған.
Уақытылы скринингтен өту аурудың алдын алудың кепілі. Өзіңіз тіркелген медициналық ұйымнан скринингтен өтуді ұмытпаңыздар
Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде.