Жіті респираторлық вирустық инфекция - тұмаудан сақтана білесіз бе?

Жіті респираторлық вирустық инфекция - тұмаудан сақтана білесіз бе?

             Жіті респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) – жоғары тыныс жолдарының қабынуымен сиппалатын вирустық  жұқпалы аурулардың  кең тараған тобы. Бүгінде ауру қоздырғыш вирустардың 200-ден астам түрі белгілі. Ең көп таралған ауру қоздырғыш вирустары - тұмау, парагрипп, респираторлық-синцитиалдық, риновирус, аденовирус, короновирус және т.б. Ауру қоздырғышына сай  аурудың атауыда вирустың атымен тұмау, аденовирус немесе короновирус инфекциясы және т.б. деп аталады.

ЖРВИ-дің  ортақ белгілері:

-Барлығы жұқпалы және вирустық инфекция;

-Ауру қоздырғыштары ағзаға ауа-тамшы жолдарымен жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде, науқас адаммен байланыс жасаған кезде жұғады;

-Ауру респираторлық - «тыныс алуға қатысты» ағзалардың қабынуын тудырады;

-Даму үдерісінде вирустық ауру бактериялық инфекцияға асқынады;

-Таралу мерзімі күз және қыс айларымен байланысты.

             ЖРВИ-мен балалар және иммундық жүйесі әлсіреген адамдар жиі ауырады. Иммунитет ауырғаннан кейін тұрақты емес, сондықтан әр адам жыл сайын 3-4 және одан да көп ауруы мүмкін.

             Ауыру белгілері бастапқыда шаршампаздық, әлсіздік, ашуланшақтықпен басталып, соңынан тамақтың қырнауы, бас ауыруымен бұлшық еттердің сырқырауы, дене қызуының жоғарылауынан басталады. Тамақтың ауруы, жөтел пайда болуы,кейбір жағдайларда тыныс алу жолдарының зақымдануымен қатар конъюнктивит-көздің шырышты қабығының  қабыну белгілері болуы мүмкін.

             Тұмаумен короновирустық инфекцияда, ауру белгілері кенеттен қатты қалтырау немесе дене қызуының бірден жоғарыға 38-40 гр.көтерілуінен, бұшық еттердің сырқырауымен қатты әлсіздік белгілерімен басталады. Кейіннен тамақтың ауруы, жөтел, алқынып дем алу  және т.б. қосылады. Кей жағдайда тұмаумен короновирустық инфекцияның қатар жүруі – аурудың ауыр жағдайда өтуімен асқынуларға және өлім-жітімге әкеліп соғуы мүмкін.

             Сондықтан, аурудың алдын алу өте маңызды!

ЖРВИ мен тұмаудан сақтану жолдарын шартты 2 топқа бөлуге болады:

1.Жалпы сақтану ережелері

-Салауатты өмір салты принциптерін сақтау- шынығу, дұрыс тамақтану;

-Қол гигиенасын сақтау

-Көпшілік орында бет перде тағу

-Әлеуметтік арақашықтықты сақтау

2.Арнайы сақтану – тұмауға қарсы вакцинациялау немесе екпе алу. Екпе мақсаты – тұмаудан өлім-жітімді және  жүрек-қантамырлық, өкпе ауруларының, басқа да созылмалы патологиялардың асқынулықтарын азайту.

             Биыл Қазақстан Денсаулық министрлігі  тұмауға қарсы Гриппол плюс атты ресейлік вакцина ұсынып отыр.

            Тұмау вирусына иммунитет қалыптасу үшін кем дегенде 2 апта  уақыт қажет.