2022 жылғы 6 қыркүйегінде Теміржолшылар күніне орай теміржол көлігі кәсіпорындарында санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылыққа, теміржолшылардың өндірістік еңбек жағдайларына қосқан үлесі үшін Ақтөбе бөлімшелік Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Жадыра Ерболатқызы Алданова «Қазақстан темір жолына 25 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Мерекелік медальді «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ «Ақтөбе магистралдық желі бөлімшесі» филиалының бас инженері Сандибек Тағыбергенұлы Аманбаев табыс етті.
Кәсібилігі, еңбекқорлығы және өз ісіне берілгендігі үшін алғыс айтамыз!