2022 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері Күні елорда уақытымен сағат 10: 00-де бүкіл республика бойынша Мемлекеттік Әнұранді бір мезгілде орындау рәсімі өткізілді.
Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, Ту, Әнұран бекітілді, олар әрбір қазақстандықта патриоттық сезімді оятады. Әнұран гректің «gimneo» сөзінен шыққан, ол «салтанатты ән» дегенді білдіреді.
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында Мемлекеттік Әнұран екі рет – 1992 және 2006 жылдары бекітілді.
Елдің дыбыстық рәмізінің танымалдығын арттыру мақсатында 2006 жылы жаңа Мемлекеттік Әнұран қабылданды. Оның негізі ретінде халықтың арасында кеңінен танымал «Менің Қазақстаным» патриоттық әні таңдап алынды.
Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде және оның бөлімшелік басқармаларында бұл күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін мерекелеудің басталғанын білдіретін Мемлекеттік Әнұран шырқалды.