2021 жылдың қыркүйек айының 28 жұлдызында Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы мен мамандары «ҚТЖ - Жүк тасымалдау» ЖШС филиалы «Жамбыл бөлімшесі - ЖТ» жұмысшыларына 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 короновирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық - эпидемияға қарсы, санитариялық - профилактикалық іс - шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, екпе алудың маңыздылығы туралы, тұмау, ЖРВИ-дің алдын алу туралы дәрістер оқылды. Қатысқан адамдар саны - 43 адам.