«PRIME AVIATION» АҚ мекемесінің багаж бен қол жүгін тексеріп-қарау инспекторлары арасында акция

«PRIME AVIATION» АҚ мекемесінің багаж бен қол жүгін тексеріп-қарау инспекторлары арасында  акция

Атырау бөлімшелік көліктегі санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары Теңіз вахталық кентіндегі әуеайлақ терминалында орналасқан  багаж бен қол жүгін тексеріп-қарайтын   иондаушы сәулелену көздері бар  радиологиялық жабдықпен жұмыс жасайтын   «PRIME AVIATION» АҚ мекемесінің   қызметкерлері арасында акция өткізді.

Акция барысында  коронавирустық инфекцияның алдын алу, санитарлық карантиндік шаралардың талаптарын сақтау және вакцина алудың маңыздылығы тақырыптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара персоналдар арасында әлеуметтік қашықтық  ережелерін сақтай  және жеке қорғаныс құралдарын пайдалана отыра жүргізілді. Қатысушылар саны 6, қатысушыларға жадынамалар мен парақшалар таратылды.