Көкшетау станcасының теміржол вокзалының жұмыскерлерімен кездесу

Көкшетау станcасының теміржол вокзалының жұмыскерлерімен кездесу

2021 жылғы 28 сәуірде Көкшетау бөлімшелік көліктегі санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандарымен 2021 жылға арналған ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын орындау мақсатында, Көкшетау станcасының теміржол вокзалы, Ақмола магистральдық желі бөлімшесі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы базасында «Коронавирустық инфекциясының алдын алу» (бұдан әрі - КВИ), тақырыбында КВИ-ға қарсы жүргізілетін жаппай иммундау мәселелерін түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді.

Кездесу барысында КВИ бойынша, ағымдағы санитарлық - эпидемиологиялық жағдайы, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы №3 «ҚР халқы арасында КВИ ауруларының алдын алу бойынша шараларды одан әрі жүргізу туралы» қаулысы негізінде коронавирустық инфекциясының нақты алдын-алу мәселелері айтылды.

КВИ-ға қарсы вакцинаның қауіпсіздігі мен пайдасы, вакцинациядан кейінгі ықтимал реакциялар, вакцинацияға қарсы көрсетілімдер, ұжымдық иммунитетке қол жеткізу қажеттілігі және т. б. туралы мәселелер қозғалды.

Кездесу соңында қатысушылар бірқатар сұрақтарға жауаптарын алды, сондай-ақ оларға КВИ одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында, санитарлық-профилактикалық іс - шараларды сақтаудың маңыздылығы туралы ескерту берілді. Кездесуге 16 адам қатысты.