2021 жылдың 22-шы ақпанында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы мамандары «ҚТЖ - Жүк тасымалы» ЖШС филиалы «Қарағанды – Жүк тасымалы» Қарабас станциясы жұмысшылар арасында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ - 78/2020 бұйрығымен бекітілген «Коронавирустық инфекцияның таралу қаупі туындауының алдын алу бойынша санитариялық - эпидемияға қарсы, санитариялық - профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық - эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2020 жылғы 25 желтоксан № 67 қаулысы бойынша ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Шараға кәсіпорынның 5 адамы қатысты. Түсіндіру жұмыстары әлеуметтік қашықтық ережелерін сақтай отырып және жеке қорғаныс құралдарын пайдалана отырып жүргізілді.
Барлық қатысушыларға жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша жадынамалар мен буклеттер таратылды.