Проведен семинар на тему «Лихорадка Эбола: эпидемиология, клиника, пути передачи и профилактика»

Проведен семинар на тему «Лихорадка Эбола: эпидемиология, клиника, пути передачи и профилактика»

2026 жылы 08 қыркүйекте Түркістан қалалық санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ қызметкерлеріне   «Эбола қызбасы: эпидемиологиясы, клиникасы,жұқтыру жолдары және алдын алу шаралары»  тақырыбында  семинар  өткізді. Іс-шара барысында мамандар Эбола қызбасы ауруының эпидемиологиясы, клиникасы, жұқтыру жолдары және алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы  іс-шараларды ұйымдастыру, инфекциялық ауруыдың алдын алу, сондай-ақ халықтың  санитариялық  сауаттылығын  арттыру  мәселелері  талқыланды. Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасып, практикалық ұсыныстар алды.  Өткізілген іс-шара жұқпалы аурулардың алдын алу саласындағы білім деңгейін арттыруға және кәсіби дағдыларды  жетілдіруге  мүмкіндік берді.