
Астана қаласының санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары 2026 жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Кеден қызметінің қызметкерлері арасында «Сары безгегі: эпидемиологиясы, клиникасы, алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді. Аталған іс-шара Кеден қызметі қызметкерлерінің денсаулығын сақтау және олардың арасында жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары қатысушыларға сары безгегі бойынша елдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берді. Семинар барысында аурудың эпидемиологиясы, таралу жолдары, негізгі белгілері және алдын алу шаралары туралы толық ақпарат ұсынылды. Семинар қатысушыларына сары безгегінің алдын алу бойынша жадынамалар таратылды. Бұл инфекциядан қорғау шараларын күшейтуге және оның таралуының алдын алуға мүмкіндік береді.