«Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында ақпараттық-ағарту семинары өткізілді

«Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында ақпараттық-ағарту семинары өткізілді

2026 жылғы 18 тамызда Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Салауатты жұмыс орындары» жобасын іске асыру, туберкулездің және жіті ішек инфекцияларының алдын алу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мәселелері бойынша Қарағанды-Сұрыптау станциясының «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – Қалпына келтіру поезының басшылары мен қызметкерлеріне арналған ақпараттық-ағарту семинарын өткізді. Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің санитариялық және эпидемиологиялық қауіпсіздік мәселелеріне саналы көзқарасын қалыптастыру, олардың жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары туралы хабардар болу деңгейін арттыру, сондай-ақ санитариялық қауіпсіздік саласындағы кәсіби құзыреттілігі мен жауапкершілігін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру. Семинар барысында көлік қызметкерлері арасында туберкулез және ішек инфекцияларын жұқтырудың негізгі қауіптері, сондай-ақ олардың алдын алу әдістері талқыланды. Қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, пікірлерімен бөлісті және сұрақтар қойды. Қойылған сұрақтарға жан-жақты түсініктемелер беріліп, бұл жұмыскерлердің ықтимал тәуекелдер мен оларды азайту шаралары туралы толық түсініктерін қалыптастыруға ықпал етті.