Жолсеріктер арасында ақпараттық семинар өткізілді

Жолсеріктер арасында ақпараттық семинар өткізілді

2026 жылғы 15 маусымда Қарағанды бөлімшелік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «ЖелДорТранс-Ақтөбе» ЖШС жолсеріктері арасында ақпараттық семинар өткізді. Іс-шараның мақсаты – гигиеналық сауаттылықты арттыру және жұқпалы аурулардың алдын алу. Семинар барысында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар, сондай-ақ жіті ішек инфекцияларының алдын алу шаралары түсіндірілді. Қатысушыларға тағамдық токсикоинфекциялардың қауіптілігі мен ботулизмнің алдын алу мәселелері бойынша ақпарат берілді. Іс-шара соңында сұрақтарға жауаптар беріліп, жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша жадынамалар таратылды.