
2026 жылғы 10 маусымда Ақмола бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС «Ақмола» филиалының қызметкерлерімен семинар өткізді. Семинар барысында «Ерекше қауіпті инфекциялардың алдын алу», «Қызылшаның алдын алу» және «Тамақтан уланудың алдын алу» тақырыптары қарастырылды. Кездесу барысында жұқпалы және аса қауіпті аурулардың эпидемиологиясы мен этиологиясы мәселелері талқыланып, олардың алдын алу шаралары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап алды.