
2026 жылғы 14 мамырда Жамбыл бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «Салауатты жұмыс орындары» жобасын іске асыру аясында «ҚТЖ ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының «Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясы» қызметкерлерімен «Салауатты жұмыс орындары – салауатты қызметкерлер» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты – кәсіптік, инфекциялық және инфекциялық емес аурулардың алдын алу. Іс-шара барысында аталған аурулардың алдын алу бойынша дәрістер оқылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.