«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және заңнаманы сақтау» тақырыбында семинар өткізілді

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және заңнаманы сақтау» тақырыбында семинар өткізілді

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 14 мамырда Қызылорда көлік прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен басқарма мамандарына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және заңнаманы сақтау» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы іске асыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, ашықтықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.