Денге қызбасының алдын алу бойынша семинар өткізілді

Денге қызбасының алдын алу бойынша семинар өткізілді

Астана қаласының СКК бөлімінің мамандары SCAT Airlines әуекомпаниясының қызметкерлеріне арналған «Денге қызбасының алдын алу: санитариялық қауіпсіздік және ақпараттандыру» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара барысында қатысушыларға Денге қызбасының эпидемиологиялық ерекшеліктері, жұғу жолдары, негізгі клиникалық белгілері және алдын алу шаралары туралы кең көлемде ақпарат берілді. Сонымен қатар санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу және халықтың санитариялық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасып, практикалық ұсыныстар алды. Өткізілген іс-шара жұқпалы аурулардың алдын алу саласындағы білім деңгейін арттыруға және кәсіби дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік берді.