
2026 жылғы 4 мамырда Еуропалық иммундау апталығы аясында «Вакциналар әр ұрпақ үшін жұмыс істейді» ұранымен Қарағанды бөлімшелік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Балқаш жол дистанциясы мен Балқаш дабыл және байланыс дистанциясы қызметкерлері арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты – вакцинацияның маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыру және иммундауды жұқпалы аурулардың алдын алудың тиімді әдісі ретінде насихаттау. Семинар барысында қатысушыларға вакцинацияның маңыздылығы туралы ақпарат беріліп, екпенің әр ұрпақтың денсаулығын қорғаудағы және жұқпалы аурулардың алдын алудағы рөлі түсіндірілді. Қатысушылардың сұрақтарына жауаптар беріліп, өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар қызылша және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша жадынамалар мен ақпараттық буклеттер таратылды.