«Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу» тақырыбында онлайн семинар өткізілді

«Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу» тақырыбында онлайн семинар өткізілді

Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының 2026 жылға арналған медиа-жоспарының 1-тармағын орындау және 2026 жылғы 27 сәуірдегі №13 жедел мәжіліс хаттамасына сәйкес, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында 2026 жылғы 6 мамырда «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Шиелі теміржол вокзалы қызметкерлері мен перрондағы жеке кәсіпкерлер арасында WhatsApp қосымшасы арқылы онлайн форматта «Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты – Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу және халық арасында профилактикалық шараларды күшейту мәселелерін талқылау. Іс-шара барысында аурудың жұғу жолдары, қауіп факторлары, клиникалық белгілері және алдын алу шаралары туралы кеңінен түсіндірілді. Семинар соңында қатысушылардың сұрақтарына жан-жақты жауаптар берілді.