Теміржол вокзалында оқу-жаттығу өткізілді

Теміржол вокзалында оқу-жаттығу өткізілді

2026 жылғы 30 сәуірде Алматы бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы Алматы-2 теміржол вокзалында аса қауіпті инфекцияға — Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына күдікті науқас анықталған жағдай бойынша оқу-жаттығу сабағын өткізді. Оқу-жаттығудың мақсаты — күдікті науқас анықталған кезде барлық мүдделі қызметтер мен құрылымдардың өзара іс-қимылын пысықтау және жедел әрекет ету дайындығын тексеру болды. Жаттығу барысында медициналық пунктте шартты науқас анықталып, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар ұйымдастырылды. Қатысушылар инфекция ошағында үйлесімді әрі жедел әрекет етуге дайын екендіктерін көрсетті. Іс-шараға санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, медициналық ұйымдар, жедел жәрдем қызметі, полиция, дезинфекция орталығы, теміржол ұйымдары және сараптама орталықтарының мамандары қатысты. Сондай-ақ оқу-жаттығуға қоғамдық денсаулық сақтау, прокуратура және БАҚ өкілдері шақырылды.