Мерзімді медициналық тексеру қорытындылары талқыланды

Мерзімді медициналық тексеру қорытындылары талқыланды

Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қарағанды қаласының «Қалалық алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы» ЖШС ұйымдастырған «Tech Servise 2026» ЖШС жұмыскерлерінің мерзімді медициналық тексеру нәтижелері бойынша қорытынды актіні жасау отырысына қатысты. Кездесу барысында мерзімді міндетті медициналық тексерулер жүргізу мәселелері талқыланып, қызылшаның алдын алу шаралары мен Еуропалық иммундау апталығы аясындағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қатысушыларға тамақтан уланудың және инфекциялық емес аурулардың алдын алу бойынша жадынамалар таратылды.