«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы іске асыру» тақырыбында семинар өткізілді

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы іске асыру» тақырыбында семинар өткізілді

2026 жылғы 15 сәуірде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес басқарма мамандары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы іске асыру» тақырыбында семинар өткізілді. Семинардың мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік қызмет саласындағы ашықтықты арттыру. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқық бұзушылықтарды анықтау және жою, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері талқыланды. Семинар соңында мамандар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.