
2026 жылдың сәуір айында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасында құқықтық жалпыға бірдей оқыту аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында паразиттік аурулардың алдын алу, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, ақпараттық қауіпсіздік талаптары, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылар мәселелері қарастырылды. Өткізілген оқытудың мақсаты — басқарма мамандарының құқықтық сауаттылығын арттыру және кәсіби құзыреттілігін нығайту.