Аса қауіпті инфекцияларға қарсы оқу-жаттығу өткізілді

Аса қауіпті инфекцияларға қарсы оқу-жаттығу өткізілді

2026 жылғы 24 сәуірде Қарағанды теміржол вокзалындағы «Life» ЖШС медициналық пунктінде карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың алдын алу бойынша оқу-жаттығу өткізілді. Іс-шараны Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ұйымдастырды. Оқу-жаттығуға жедел жәрдем, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, полиция, медициналық ұйымдар және күзет қызметтерінің өкілдері қатысты. Жаттығу барысында қызметтердің өзара іс-қимылы, инфекция ошағын оқшаулау және шұғыл ден қою алгоритмдері пысықталды. Қорытындысында медицина қызметкерлері жұқпалы аурулар жағдайларына дайын екендігін көрсетті. Санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуы анықталған жоқ.