Теміржол вокзалында аса қауіпті инфекциялардың алдын алу шаралары пысықталды

Теміржол вокзалында аса қауіпті инфекциялардың алдын алу шаралары пысықталды

2026 жылғы 23 сәуірде Қарағанды теміржол вокзалында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұйымдастыруымен карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың алдын алу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, денсаулық сақтау, жедел жәрдем, полиция, медициналық ұйымдар және күзет қызметтерінің өкілдері қатысты. Кездесу барысында ықтимал инфекция жағдайларына жедел ден қою, қызметтердің өзара іс-қимыл алгоритмі және дезинфекциялық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Іс-шара соңында алдағы оқу-жаттығуға қатысты сұрақтарға жауаптар беріліп, қатысушылардың ортақ іс-қимыл тәртібі нақтыланды.